2-7 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

2-7 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

2-7 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

Астана медицина университеті 2-7 курс студенттерінен университет жатақханасына орналасу үшін өтініштер қабылданатынын хабарлайды.

ӨТІНІШТЕР 2025 ЖЫЛҒЫ 7-25 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Жатақханадағы орындарды конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия бөледі.

Жатақханаға орналастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды комиссия қабылдамайды.

УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ ОРЫНДАРМЕН (Жеңіс 35 және 35а, Абай 47) БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНАН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ:

1)                жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

2)                үшінші топтағы мүгедек адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек адамдар болып табылатын адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ қандасы;

3)                бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушылар, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом)ұйымды үздік бітірген талапкерлер;

4)                Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

5)                оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс білім алушылары;

6)                ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары.

 

Қоныстану туралы жолдама Smart AMU қосымшасы арқылы 2025 жылдың 24 тамызында беріледі.

Smart AMU қосымшасында жолдама алғаннан кейін, 2025 жылғы 25-31 тамыз аралығында тіркелу үшін Абай даңғылы 47, 415 кабинет мекенжайы бойынша келу қажет болады.

 

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Флюорографияның көшірмесі;

2. Жеке куәліктің көшірмесі;

3. 9 ай үшін төлем ақысының түбіртегі 153 000 теңге (төлем университеттің есеп шотына жүргізіледі).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика