БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ

Астана медицина университеті бірінші курс студенттерінен университет жатақханасына орналасу үшін өтініштер қабылданатынын хабарлайды.

ӨТІНІШТЕР 2025 ЖЫЛДЫҢ 7-25 ТАМЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Жатақханадағы орындар арнайы құрылған комиссиямен конкурстық негізде бөлінеді.

Жатақханаға қоныстану талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар комиссиямен қабылданбайды.

УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ (АБАЙ ДАҢҒЫЛЫ, 47) ОРЫНДАР ЕҢ АЛДЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДАН ШЫҚҚАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕДІ:

1.       жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтары, І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар;

2.       ІІІ топ мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек жандар болып табылатын тұлғалар, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктері бар азаматтар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары, сондай-ақ қандастар;

3.       «Алтын белгі» иегері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) байқау жеңімпазы немесе жүлдегері сертификатына ие білім алушылар, оқу орнын үздік бітіргені туралы растайтын құжаты бар (куәлік, аттестат, диплом) талапкерлер;

4.       Бірінші курсқа қабылданған және Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Комплекстік тестілеу, пәндер бойынша қабылдау емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған білім алушылар.

Жатақханаға құжат тапсыру үшін Абай даңғылы, 47 мекенжайы бойынша 415-кабинетке келу қажет.

ЖАТАҚХАНАҒА ӨТІНІШТІ ТАЛАПКЕР УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТІРКЕЛІП, ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНҒАНЫ РАСТАЛҒАННАН КЕЙІН БЕРЕДІ.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Оқуға құжат тапсырғаны туралы қолхаттың көшірмесі;
2. Жеке куәліктің көшірмесі;
3. Флюорографияның көшірмесі;
4. 063-нысанды медициналық анықтаманың көшірмесі;
5. 075-нысанды медициналық анықтаманың көшірмесі;
6. Жеңілдікке ие екендігін растайтын құжаттардың көшірмесі (болған жағдайда).

 

Конкурс нәтижелері 2025 жылдың 25 тамызында Университеттің https://amu.edu.kz/ru/ сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.

 

Орын берілгені туралы растауды алғаннан кейін, 2025 жылғы 25-31 тамыз аралығында Абай даңғылы, 47 мекенжайы бойынша 415-кабинетке келіп, тіркеуден өту қажет.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика