Қазақстан мен Жапония ғылыми ынтымақтастық аясында күш біріктіруде

Қазақстан мен Жапония ғылыми ынтымақтастық аясында күш біріктіруде

Қазақстан мен Жапония ғылыми ынтымақтастық аясында күш біріктіруде

«Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институты Жапонияның Хиросаки университетінің Радиациялық медицина төтенше жағдайлар институтымен (IREM) ғылыми ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде бірлескен жұмысын жалғастыруда. Жоба 2024 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырылып келеді және Солтүстік Қазақстандағы уран өндіру аймақтарындағы халықтың радонға қатысты қауіпсіздігін бағалауға бағытталған.

Жапониядан келген делегация құрамында доценттер Ясутака Омори, Чутина Кранрод, Хироми Кудо, сондай-ақ PhD докторанты Радиа Прадана болды.

Кездесулер барысында тараптар ағымдағы жобаның негізгі мақсаттарын, зерттеулердің алдын ала нәтижелерін, сондай-ақ радиологиялық және эпидемиологиялық топтың Ақмола облысына алдағы іс-сапарына қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады. Іс-сапардың басты мақсаты – эпидемиологиялық және дозиметриялық деректерді жинау.

Ерекше назар Жапонияның ғылым және технология агенттігінің «Тұрақты даму мүддесіндегі ғылыми және технологиялық зерттеулер бойынша әріптестік» бағдарламасына қатысу үшін бірлескен өтінім дайындауға аударылды. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық аясында тәжірибе алмасу және ғалымдардың біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Уран өндіру аймақтарындағы радон қауіпсіздігін зерттеу Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Алынған деректер радонның халық денсаулығына әсерін тереңірек түсінуге және тәуекелдерді төмендету бойынша шараларды әзірлеуге, өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайларын барынша қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Жапония ғалымдарының бірлескен жұмысы – болашақ ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайтуға, ғылымды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жасалған маңызды қадам.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика