2024 жылдан бастап Астана медицина университетінде академик Е.Д. Даленов атындағы атаулы стипендия тағайындау туралы ереже жүзеге асырылуда. Ол оқу, ғылым және қоғамдық қызметте жетістіктерге қол жеткізген 3-курс ақылы бөлім студенттеріне арналған.
Бұл бастаманың ерекшелігі – Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің оны қамтамасыз ету үшін демеушілерді өз күшімен тартуында. Бұл университеттің коммерциялық бөлім студенттерін қолдау бойынша маңызды әрі ерекше дәстүрін қалыптастырады.
Осы жылдың 1–15 тамызы аралығында жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша академик Е.Д. Даленов атындағы атаулы стипендия «Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының студенттеріне тағайындалды:
· Әбдірашит Аяулым Талғатқызы, GPA – 3.39 (үлгерім көрсеткіші).
· Мұрат Жанел Ханапияқызы, GPA – 3.34 (үлгерім көрсеткіші).
Стипендия иегерлерін шын жүректен құттықтап, еңбектері мен даму жолындағы ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз! Сіздердің жетістіктеріңіз басқа студенттерге үлгі боларына сенімдіміз. Оқуда, ғылымда және шығармашылықта табыс тілейміз!