2025 жылғы 26 тамыздан 20 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)
білім алушылардың жекелеген санаттарына жеңілдікпен жол жүру құқығын беруге құжаттарды қабылдау жүргізіледі:
Кім құқылы:
* жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
* мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар білім алушылар;
* АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар.
Маңызды! Көлік карталары жазғы кезеңнен басқа (маусым – тамыз) ай сайын "Айлық жол жүру–қала" келісімшарты бойынша толықтырылады.
Құжаттарды тапсыруға болады:
Бейбітшілік көшесі 49а, каб. 206
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, 08:30-дан 17:30-ға дейін
Түскі үзіліс: 12: 30-дан 13:30-ға дейін
Байланыс телефоны: 53-95-42
Әлеуметтік көмек алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Сабырұлы Самыраевтың атына ата – анасынан (немесе оларды алмастыратын адамдардан) еркін нысанда жазбаша өтініш (18 жасқа дейінгі білім алушылар үшін);
2. Оқу орнынан анықтама (түпнұсқа);
3. Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Қорғаншылықты, қамқоршылықты немесе патронаттық тәрбиені растайтын құжаттардың көшірмесі (жетім балалар үшін);
5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу туралы анықтама;
6. Отбасының соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (егер АӘК алмасаңыз);
7. Ата-ананың жұмыссыздығы туралы анықтама (егер бар болса);
8. Отбасы құрамы туралы анықтама;
9. Карта нөмірі transcard.kz (сайттағы жеке кабинет арқылы тіркелу: https://transcard.kz)
Сақ болыңыз!
Құжаттардың толық емес пакеті жеңілдікпен жол жүруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.