Астана медицина университетінің ұжымы үлкен күйзеліспен биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Айгуль Умурзаққызы Алтаеваның қайтыс болғанын хабарлайды.
Айгуль Умурзаққызы 28 жылдан астам өмірін ғылымға және болашақ дәрігерлерді тәрбиелеуге арнады. Оның кәсібилігі, даналығы және ісіне деген шексіз адалдығы медициналық білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Оның жетекшілігімен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып, университет намысын конференцияларда лайықты қорғады. Оның еңбектерінің қатарында ғылыми мақалалар, әдістемелік ұсынымдар және ең бастысы – әріптестері мен шәкірттерінің алғысқа толы жарқын естелігі бар.
Онымен бірге еңбек етіп, оқыған әрбір жан үшін ол әрқашан мейірімділіктің, адамгершіліктің және өз ісіне адалдықтың үлгісі болып қала береді.
Айгуль Умурзаққызының дүниеден өтуі – отбасы, достары, әріптестері мен студенттері үшін орны толмас қайғы.
Туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Айгуль Умурзаққызының жайлы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады.