Сіздерді Астана медицина университетіне оқуға түсуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер жер бетіндегі ең асыл әрі қадірлі мамандықтардың бірінің өкілі болуға қарай маңызды қадам жасадыңыздар. Бүгіннен бастап сіздер тек студент қана емессіздер – ортақ мақсатты көздейтін: адамдарға қызмет етуге, білім мен қамқорлықты, үмітті жеткізуге ұмтылған үлкен әрі біртұтас қауымдастықтың бір бөлшегісіздер.
Осы жерде сіздер тек білім мен дағды ғана емес, сонымен қатар достар, тәлімгерлер және өмір бойы есте қалатын тәжірибе табасыздар.
Алда сіздерді күрделі, бірақ аса қызықты оқу жылдары, жаңалықтар мен кәсіби өсім күтіп тұр. Қиындықтардан қорықпаңыздар – олардың артында үлкен жеңістер жатады.
Астана медицина университетінің отбасына қош келдіңіздер!
Біз сіздермен бірге болғанымызды мақтан тұтамыз!