«Жазғы мектеп – 2025» бағдарламасы аясында Астана медицина университетінің аллергология, гематология және эндокринология курстарымен балалар аурулары кафедрасы базасында «Ерте жастағы патологияның өзекті мәселелері» атты қосымша оқу курсы өтті.
Бағдарламаның қатысушысы «Педиатрия» факультетінің 4-курс студенті – Айнур Аманғалиева болды.
Оқу процесіне сұхбаттасулар, әдістемелік материалдарды талдау және практикалық сабақтар кірді. Студенттер ерте жаста жиі кездесетін ауруларды – тыныс жолдарының инфекцияларынан бастап жаңа туған кезеңдегі патологияларға дейін қарастырды. Арнайы назар диагностика әдістері мен емдеудің заманауи тәсілдеріне аударылды.
Кафедра оқытушылары – ассистент Ұлжан Ахметова және аға оқытушы Ольга Дудниктің жетекшілігімен Айнур келесі маңызды тәжірибелік дағдыларды меңгерді: анамнез жинау, жалпы тексеру жүргізу, диагностикалық зерттеулерге қатысу. Сонымен қатар, ол аналарға емшекпен қоректендірудің маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айнур үшін бұл курс қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы тәжірибе болды. Ол практикалық қызметке тереңірек бойлауға және болашақ педиатр мамандығына дайындалуға мүмкіндік берді.
Жазғы мектеп – 2025: педиатр мамандығына қадам
Жазғы мектеп – 2025: педиатр мамандығына қадам
