Астана медицина университетінің бірінші курс студенттері кәсіби жолын бастады!

Астана медицина университетінің бірінші курс студенттері кәсіби жолын бастады!

Астана медицина университетінің бірінші курс студенттері кәсіби жолын бастады!

2025 жылғы 2 қыркүйекте Астана медицина университетінде бірінші курс студенттерінің мектеп декандарымен, білім алушыларды қолдау орталығының және әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ студенттік ректоратпен салтанатты кездесу өтті.

Жиында студенттерге академиялық мәселелер, әлеуметтік саясат және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері бойынша кіріспе ақпарат берілді.

Астана медицина университеті биыл шамамен 1500 жаңа студентке есігін айқара ашты. Енді олардың арман-мақсаты орындалып, еліміздегі жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірінің студенті атанды.

Қымбатты студенттер! Сіздер үлкен жолдан өттіңіздер – ұйқысыз түндер, емтихандар, күйзеліс.

Бүгін міне, Қазақстандағы медициналық білімнің жүрегінде отырсыздар. Осы сәттен бастап сіздер – МУА студенттерісіздер, біз бұған шын жүректен қуаныштымыз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика