ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Күні: 2025 жылғы 6 қыркүйек
Басталу уақыты: 09:00
Өтетін орны: Hilton Garden Inn, Астана қ.
⸻
Дің жасушаларын трансплантациялау және жасушалық терапия саласындағы заманауи жетістіктер мен перспективаларға арналған халықаралық конференцияға қатысуға гематолог-дәрігерлерді, онкогематологтарды, трансплантологтарды, зерттеушілерді және медициналық мамандықтар студенттерін шақырамыз: .
⸻
Ұйымдастырушылар:
• «Астана медицина университеті» КеАҚ
• Қазақстан гематологтар қоғамы
• Түркия мен Әзербайжаннан халықаралық серіктестер
Бағдарлама тілі: ағылшын және орыс (синхронды аударма қамтамасыз етіледі)
⸻
Бағдарламаның негізгі тақырыптары:
• CAR-T терапиясын Түркия мен Қазақстанда қолдану тәжірибесі
• Мезенхималық дің жасушалары және вирус-спецификалық Т-жасушалық терапия
• Балалардағы жедел лимфобластық лейкозды емдеудегі заманауи тәсілдер
• Трансплантацияға дайындық: аймақтық ерекшеліктер, қиындықтар және шешімдер
• Қазақстандағы балаларға тотальды сәулелендіруді қолданудың алғашқы тәжірибесі
• Қазақстандағы гаплоиденттік және аллогендік трансплантация нәтижелері
• Диффузды В-ірі жасушалы лимфоманы емдеудің эволюциясы
⸻
Қатысу тегін