Астана медицина университетінде клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Абылай Шакенов еңбек етеді. Оның шәкірттерінің бірі университет проректоры туралы осылай дейді:
- Бүгін мен өзінің кәсібіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын адам туралы айтқым келеді. Бұл – хирургия саласының профессоры, өз ісінің шебері және үлкен әріппен жазылатын нағыз Ұстаз – Абылай Дүйсенұлы Шакенов. Ол 25 жылдан астам уақыт бойы ота үстелінің басында науқастардың өмірін сақтап келеді. Оның әрбір отасы – жай ғана жұмыс емес, шынайы өнер туындысы. Әрбір тігіс, әрбір қимыл өте дәл әрі шебер орындалады.
Абылай Дүйсенұлы – тек кәсіби хирург қана емес. Ол – Астана медицина университетінің студенттері мен интерндерінің бірнеше буынына шабыт берген және қолдау көрсеткен ұстаз. Өз мысалымен хирургияның тек техника емес, сонымен қатар жан-дүние, науқасқа және ұжымға деген құрмет екенін көрсетті. Жас дәрігерлер мен интерндерге әрдайым жылы қабақ танытып, жігерлендіріп, қажет кезде әзіл айтып, жауапты сәттерде бойларындағы қорқынышты сейілтіп отыратын. Осындай сенім көпшілігімізге алғашқы қадам жасауға, алғашқы оталарды сәтті өткізуге көмектесті. Интернатура кезінде барлығымыз оның кезекшілігіне түсуге ұмтылатынбыз, себебі ол әрдайым көмектесетін, сенім білдіретін, кеңес беретін, демеу көрсетіп отыратын және барлығымызды өз есебінен тамақтандыратын.
Осындай ұстаздар жас мамандардан тек кәсіби маман ғана емес, адамдарға адал қызмет ететін үлкен әріппен жазылатын дәрігер тәрбиелейді.
Ол өз университетіне қайта оралғанына өте қуаныштымын. Қазір де интерндер мен студенттерге көмектесіп жүр. Мұндай адамдар – медицина саласы үшін өте құнды, – деп атап өтті Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мусабаев.