8 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ КҮНІ

8 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ КҮНІ

8 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ КҮНІ

Бұл күн көздің саулығын сақтауға, көру қабілетін қалпына келтіруге өмірін арнаған офтальмолог дәрігерлердің еңбегіне арналды.

 

Офтальмологтар көз ауруларын анықтап, емдеп қана қоймай, күрделі операциялар жасап, миллиондаған адамға көру қуанышын қайтарады. Бұл саладағы еңбек – жоғары дәлдікті, терең білімді және әр науқасқа ерекше назарды талап етеді.

 

Астана медицина университетінде офтальмология ерекше орын алады. Мұнда болашақ мамандар заманауи диагностика әдістерін, лазерлік технологияларды, көз микрохирургиясын меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдіреді.

 

Офтальмологтардың кеңестері:

• Көру қабілетіңізді тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз.

• Компьютерде жұмыс істегенде үзіліс жасап, көзге арналған жаттығулар орындаңыз.

• Дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз қолданбаңыз.

• Көзіңізді қорғаңыз — ол сіздің дүниеге ашылған терезеңіз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика