Бұл күн адамдардың өзіне сенімді болуына, терісіне күтім жасауына, денсаулығын сақтап, жастығын ұзартуына көмектесетін мамандарға арналған. Косметолог мамандығы – медицина, дерматология, эстетика және психологияны біріктіретін ерекше сала. Себебі сыртқы сұлулық адамның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты.
Астана медицина университетінде болашақ дәрігерлер дайындалады, олардың білімі мен тәжірибесі қоғамға тек денсаулық қана емес, сұлулық сыйлауға бағытталған.
Сұлулық – денсаулықтан басталады, ал денсаулық – кәсіби мамандардың қолында!