Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған конгресс

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған конгресс

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған конгресс

2025 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Семей қаласында халықаралық қатысумен Республикалық конгресс «Оториноларингологиядағы жаңа инновациялық технологиялар – бас және мойын хирургиясы» өтеді. Іс-шара ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналады.

Ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» Ұлттық акционерлік қоғамы, «Семей медицина университеті», «Оториноларингология – бас және мойын хирургиясы» Қазақ ұлттық ғылыми бірлестігі.

Конгресстің ашылуы: 2025 жылғы 26 қыркүйек, сағат 10:00. Өтетін орны: Семей медицина университетінің акт залы (Семей қ., Абай көшесі, 103).

Делегаттарды тіркеу: сағат 08:00–10:00 аралығында университет фойесінде.

Конгресс бағдарламасы:

Оториноларингология мен бас және мойын хирургиясындағы жаңа инновациялық технологиялар;

Ортаңғы және ішкі құлақ патологиясын диагностикалау және емдеу;

Мұрын және мұрын қуысы аурулары, эндоскопиялық риносинусохирургия;

Фониатрия мәселелері және көмей патологиясы;

ЛОР-онкологияның өзекті мәселелері.

Қатысушылар назарына: Делегаттардың келуі – 2025 жылғы 25 қыркүйек.

Мәдени бағдарлама:

Қонақтар үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде:

Абай Құнанбайұлының мұражайына,

Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайына, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына бару.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика