Halyk Bank-Астана медицина университеті стоматология кафедрасына, білім беруге үлес қосу мақсатында заманауи 3D-принтер құнды сыйлығын тарты етті. Бұл қадам медицина ғылымын дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған бизнес пен білім беру саласындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.
Жаңа жабдықтың арқасында студенттер практикалық дағдыларды шындыққа жақын жағдайларда жетілдіре алады. 3D принтер тістер, сүйектер, қызыл иек және тіпті жасанды шырышты қабық түрінде оқу материалдарын жасауға мүмкіндік береді. Болашақ стоматологтар пациенттермен жұмыс жасамас бұрын да препараттау, пломбалау және протездеу әдістерін қауіпсіз қолдануға мүмкіндік алады.
Оқытушыларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді: жаңа жабдықтармен жұмыс істеу үшін оқу орталығының қызметкерлерін таныстыруға арнайы маман шақырылды. Бұл таныстыру процесінде принтердің мүмкіндіктерін толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Астана медицина университеті Halyk Bank-ке медициналық білім беруді дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреді. Мұндай қолдау Қазақстанның денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие болашақ мамандарды даярлауда жаңа көкжиектер ашады.