ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР!
2025–2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келесі шетелдік мекемеге конкурс жарияланады:
Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеме «Реаниматология және оңалтудың федералдық ғылыми-клиникалық орталығы» (Ресей) – 10 орын.
Оқу кезеңі – 2 апта.
Бағыттары:
1. Оңалту – 4 орын;
2. Анестезиология – 3 мест;
3. Реанимация – 3 места.
Ішінара қаржыландыру (Университет қаражаты есебінен екі жаққа әуе билеті, 170 АЕК-ке дейін, оқу ақысыз, тұру мен тамақтану – білім алушы есебінен).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 25.09.2025 – 02.10.2025
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. Академиялық қарыздың болмауы;
2. Тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA – 2,6-дан жоғары (қайта өтінім берген студенттер үшін – 3,6);
4. Халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындарға ие болу (мүмкіндігінше).
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Түйіндеме (CV / Resume)
2. Мотивациялық хат
3. Рекомендациялық хат
4. Фото 3×4
5. Паспорт
6. Транскрипт (дипломға қосымша)
7. Резидентура деканы қол қойған өтініш
Конкурсқа тек ҚР азаматтары ғана қатыса алады
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 25.09.2025 – 02.10.2025
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық орталығы
Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 405-кабинет
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты – 17:00-ге дейін
Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.