АМУ докторанты Италия университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

АМУ докторанты Италия университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

АМУ докторанты Италия университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

2025 жылғы 15–27 қыркүйек аралығында Астана медицина университетінің 8D05101 – «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Мереке Ашикбаева Венециядағы (Италия) Ка’ Фоскари университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама Экологиялық ғылымдар, информатика және статистика департаментінде (DAIS) этнобиология және биомәдени әртүрлілік саласындағы танымал маман, 40-тан астам халықаралық ғылыми жарияланымдардың авторы, асс.профессор - Рената Соукандтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

 

Бағдарлама аясында докторант дәрілік саңырауқұлақтардың микофлористикалық және этномикологиялық талдауына арналған заманауи халықаралық әдістермен танысты, биологиялық материалды жинау, анықтау және өңдеу тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ статистикалық және биоинформатикалық әдістерді игеруге, академиялық жазу дағдыларын дамытуға және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдарға мақала дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

 

Алынған білім Қазақстан микофлорасын зерттеуге арналған диссертациялық жұмысқа маңызды негіз болады. Тағылымдама ғылыми көкжиегін кеңейтіп, практикалық құзыреттерін арттырды, сонымен бірге шетелдік ғалымдармен академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Бұл Астана медицина университетінің ғылыми әлеуетін дамытуға елеулі үлес болып саналады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика