«Өмір үшін жүгіру»: Астанада «Иммунология күндері» аясында қайырымдылық жүгіру өтті

«Өмір үшін жүгіру»: Астанада «Иммунология күндері» аясында қайырымдылық жүгіру өтті

«Өмір үшін жүгіру»: Астанада «Иммунология күндері» аясында қайырымдылық жүгіру өтті

Өткен демалыс күндері елорданың Ботаникалық бағында спорт, денсаулық пен бірліктің мерекесі өтті: мұнда 200-ден астам қатысушыны жинаған «Өмір үшін жүгіру» қайырымдылық жарысы ұйымдастырылды.

 

Жарысқа студенттер мен оқытушылар, дәрігерлер мен қала тұрғындары, ересектер мен балалар қатысты. Көптеген қатысушылар бүкіл отбасымен келіп, спорттық шараны бір-біріне және болашақ ұрпаққа қамқорлықтың символына айналдырды. Спорттық мерекенің ерекше атмосферасы адамдарды біріктіріп, салауатты өмір салтын қолдаудың жарқын белгісі болды.

 

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Астана медицина университеті, Қазақстанның иммун тапшылықтары қоғамы және University Medical Center ұйымдастыруымен «Иммунология күндері» конференциясы аясында үшінші жыл қатарынан өткізілуде.

 

«Өмір үшін жүгіру» тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар иммунология саласындағы денсаулықты нығайту, алдын алу және ғылыми зерттеулерге арналған ауқымды бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика