Астанада «Клиникалық иммунологияның өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Клиникалық иммунологияның өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы өтті

Астанада «Клиникалық иммунологияның өзекті мәселелері» халықаралық конференциясы өтті

2025 жылғы 26–27 қыркүйек күндері елордада «Қазақстандағы иммунология күндері» аясында «Клиникалық иммунологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда жетекші ғалымдар, тәжірибелі дәрігерлер мен жас зерттеушілер бас қосты.

Кездесудің басты мақсаты – туа біткен иммундық жүйе қателіктерін және жүре пайда болған иммундық жеткіліксіздік жағдайларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін жетілдіру бағытында білім және тәжірибе алмасу болды. Бұл сала қазіргі медицинаның маңызды сын-қатерлерінің бірі болып саналады және әлемдік деңгейдегі мамандардың күш біріктіруін талап етеді.

Конференцияға Иран, Корея Республикасы, Беларусь, Ресей, Қазақстан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген мамандар қатысты. Қатысушылардың осындай кең халықаралық құрамы ғылым мен практиканың болашақ ұрпақтың саулығы үшін бірігуінің маңыздылығын айқындады.

Спикерлер қатарында:

Султанғазиев Т.С. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі;

Нәбиев А.Н. – KФUMC Басқарма мүшесі;

Шульгау З.Т. – «Астана медицина университеті» КЕАҚ ғылыми қызмет жөніндегі проректоры;

Белевцев М.В. – Беларусь Республикасы Балалар онкологиясы, гематологиясы және иммунологиясы РҒЗО ғылым жөніндегі директордың орынбасары (Минск, Беларусь);

Тузанкина И.А. – м.ғ.д., профессор, Свердлов облысы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар иммунологы (Екатеринбург, Ресей);

Nima Razaei – м.ғ.д., профессор, Тегеран медициналық университетінің Иммундық жеткіліксіздіктер ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі (Иран).

Бұл конференция кәсіби пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы клиникалық иммунологияны дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Ол халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ғылыми зерттеулердің жаңа көкжиектерін ашып, еліміздің медициналық қауымдастығының иммундық аурулармен күресте жаһандық прогреске үлес қосуға деген ұмтылысын тағы да айқындады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика