Құрметті магистратура және докторантура білім алушылары!
Сіздерге «Астана Медицина Университеті» КеАҚ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру тәртібі туралы хабарлаймыз.
Жеңілдікке үміткерлерге қойылатын жалпы талаптар:
Орташа GPA балл — кемінде 3.0
Өткен оқу жылында қорытынды бақылаудан қайта тапсырулар мен академиялық қарыздардың болмауы
Тәртіптік жаза, ескерту болмауы, сонымен қатар:
Университет Жарғысының
Академиялық адалдық кодексінің
Этикалық кодекстің
Академиялық саясаттың
Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзбауы
Осы Ережеде белгіленген критерийлерге сәйкес болуы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларға арналған жеңілдіктің түрі:
«Корпоративтік» жеңілдік – оқу ақысының жылдық құнының 20%-ы
Жеңілдік университетте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлерге магистратура немесе докторантураға түскен жағдайда беріледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Белгіленген үлгідегі өтініш
- GPA көрсетілген транскрипт
- Кадр бөлімінен жұмыс өтілі туралы анықтама
- Жеке куәліктің көшірмесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 қазанға дейін
Мекенжай: Астана қ., Абай көшесі, 47, 415-кабинет
Байланыс:
Білім алушыларға және жұмыскерлерге қызмет көрсету орталығы
Aitu мессенджері: +7 700 153 94 47