Астана медицина университетінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Астана медицина университетінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Астана медицина университетінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Астана медицина университетінде оқу жылының ең маңызды әрі толқытатын оқиғаларының бірі – бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Бұл салтанатты сәт – кеше ғана талапкер атанған жастардың ресми түрде үлкен университеттік отбасының бір бөлігіне айналып, медицина мен білім әлеміне алғашқы қадам басатын ерекше кезеңі болып табылады.

Іс-шара барысында университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен жоғары курс студенттері бірінші курс студенттерін шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Олар өз сөздерінде дәрігер мамандығын таңдау – бұл жай ғана кәсіп емес, адамдарға қызмет ету мен қоғам игілігіне еңбек сіңіруді мақсат еткен үлкен жауапкершілік пен өмірлік миссия екенін атап өтті.

Салтанатты шараның ең әсерлі бөлігі – Астана медицина университеті студентінің антын қабылдау рәсімі болды. Ақ халат киген бірінші курс студенттері өз өмірін адамдардың денсаулығына арнауға, университеттің абыройын жоғары ұстап, МУА студенті атағын лайықты алып жүруге ант берді.

Іс-шараның атмосферасы қуанышқа, мақтаныш пен шабытқа толы болды. Бұл күн көптеген студенттер үшін жаңа өмір кезеңінің, жаңалықтарға, табандылыққа және жетілуге ұмтылған жолдың бастауы болды.

Астана медицина университеті барлық бірінші курс студенттерін шын жүректен құттықтай отырып, оларға оқуда табыс, ғылыми жетістіктер мен медицинаның асыл қағидаттарына адалдық тілейді!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика