ИНФЕКЦИОНИСТЕРДІҢ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: сын-тегеуріндер мен шешімдер»

ИНФЕКЦИОНИСТЕРДІҢ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: сын-тегеуріндер мен шешімдер»

ИНФЕКЦИОНИСТЕРДІҢ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: сын-тегеуріндер мен шешімдер»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен,

«Астана медицина университеті» КЕАҚ және «Инфекционистер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, 2025 жылғы 9–10 қазанда Астана қаласында «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: сын-тегеуріндер мен шешімдер» тақырыбында Инфекционистердің IV Халықаралық Конгресі өтеді.

Күні: 2025 жылғы 9–10 қазан

Басталуы: 09:00

Өтетін орны: Radisson Hotel Astana, Сарыарқа даңғылы, 4, Астана қаласы

 

Аталған Конгресс инфекциялық аурулар, эпидемиология, вирусология, микробиология және өзге де салалардағы жетекші мамандарды біріктіретін ең ірі ғылыми-тәжірибелік алаңдардың бірі болмақ.

Іс-шараның мақсаты — халықтың көші-қонының белсенділігі, инфекциялық агенттердің тез таралуы, климаттың өзгеруі және микроорганизмдердің антимикробтық препараттарға төзімділігі жағдайында инфекциялық патология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Конгрестің басты мақсаты — инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу саласындағы заманауи ғылыми ақпаратпен, клиникалық тәжірибемен және үздік тәжірибелермен алмасу үшін кәсіби платформа қалыптастыру.

Қатысушылар эпидемиологиялық ахуалға қатысты ұлттық және халықаралық деңгейдегі үрдістер мен сын-қатерлерді талқылап, заманауи тәсілдер мен инновациялық шешімдерді клиникалық практикаға енгізу мүмкіндіктерін қарастырады.

 

Конгрестің бағдарламасында:

• Қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық және секциялық отырыстар;

• жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен клиникалық бақылауларына арналған секциялар;

• мастер-кластар мен оқыту сессиялары бар.

 

Конгреске Қазақстан мен шетелден инфекционистер, эпидемиологтар, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары, ғылыми қызметкерлер, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, халықаралық ұйымдар мен фармацевтикалық компаниялардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

 

Инфекционистердің IV Халықаралық Конгресі Қазақстан және басқа елдердің медициналық қауымдастықтары арасындағы ғылыми және тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ қазіргі және ықтимал эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге тиімді жауап беру стратегияларын әзірлеуге бағытталған.

 

Барлық мүдделі мамандарды Конгрестің жұмысына қатысып, халық денсаулығын қорғауға арналған кәсіби диалог пен ортақ шешімдер іздеу үдерісінің бір бөлігі болуға шақырамыз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика