Астанада геронтология және гериатрия мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

Астанада геронтология және гериатрия мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

Астанада геронтология және гериатрия мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

2025 жылғы 10 қазанда сағат 9:00-де Астана қаласында «Қазақстандағы геронтология мен гериатрияның даму жағдайы мен келешегі: теориядан тәжірибеге» тақырыбында халықаралық қатысумен өтетін ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

 

Аталған іс-шара гериатрия, геронтология, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жетекші мамандарды біріктіретін маңызды ғылыми-практикалық алаңдардың бірі болмақ.

Конференцияның мақсаты – қарт адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты мәселелерін талқылау, гериатриялық көмекті дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ егде жастағы науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдерін қарастыру.

Негізгі міндет – мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе, ғылыми ақпарат және клиникалық озық тәжірибелермен алмасу арқылы олардың гериатрия мен геронтология саласындағы зерттеулер мен инновациялық шешімдерге қатысуын ынталандыру.

 

Конференция бағдарламасына кіреді:

          •         отандық және шетелдік жетекші сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық және секциялық отырыстар;

          •         егде жастағы пациенттердегі ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылау;

          •         қарт адамдарға күтім жасаудың психоәлеуметтік аспектілері жөніндегі сессиялар;

          •         гериатриядағы инновациялық технологиялар мен паллиативтік көмек мәселелеріне арналған баяндамалар.

 

Конференцияға Қазақстан мен шетелден келген гериатр-дәрігерлер, терапевтер, әлеуметтік қызметкерлер, зерттеушілер, медицина жоғары оқу орындарының оқытушылары және медициналық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Іс-шара өткізу мамандар арасындағы ғылыми және тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және қарт адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруі мен өмір сапасын жақсарту стратегияларын қалыптастыруға бағытталған.

 

Қатысу үшін 2025 жылғы 10 қазанға дейін конференцияның ресми сайтында тіркелу қажет:

https://geriatric2024.kz/

 

Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 29 (Филармония ғимараты)

Басталу уақыты: 9:00

Байланыс телефондары: +7 705 108 9879, +7 708 359 5218

E-mail: geriatric2024kz@gmail.com

 

Конференция бағдарламасы және толық ақпарат сайтта қолжетімді:

https://geriatric2024.kz/

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика