«Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: жаңа сын-қатерлер мен шешімдер» IV халықаралық жұқпалы аурулар конгресі аясында Астана Медицина Университетіне Микробиология және жұқпалы аурулар саласындағы әлемдік жетекші мамандар келді.
Университетке ресми сапармен Философия докторы Susu Zughaier, Катар университетінің (Катар) медицина колледжінің жұқпалы ауруларды зерттеу кафедрасының меңгерушісі және профессор Наталья Юрьевна Пшеничная, Ресейдің үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының (РМҚБ) жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, РФ Роспотребнадзор эпидемиология орталық ҒЗИ директорының клиникалық-талдау жұмысы жөніндегі орынбасары, ДДҰ сарапшысы келді (Ресей).
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Аян Мысаевпен кездесу барысында академиялық байланыстарды нығайту, Қазақстан, Катар және Ресей университеттері арасындағы бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бастамаларын іске асыру перспективалары талқыланды.
Қонақтар Астана медицина университетінің инфрақұрылымымен танысты-университет мұражайы мен симуляциялық орталыққа барып, болашақ дәрігерлерді оқытудың инновациялық әдістері мен заманауи технологияларын бағалады.
Сондай-ақ, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының базасында профессор Наталья Пшеничнаяның дәрістері мен шеберлік сыныптары өтті. Бағдарлама балалар мен ересектердегі жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың өзекті бағыттарын қамтыды. Герпесвирустық инфекцияларға, жүкті әйелдердегі гепатиттерге, эхинококкозға, бруцеллезге және басқа зооноздық ауруларға ерекше назар аударылды.
Дәрістер барысында жаһандық жылынудың векторлық инфекциялардың таралуына әсері, ұтымды антибиотикалық терапия және микробиоманың денсаулықты сақтаудағы рөлі талқыланды. Профессор қазіргі эпидемиологиялық тенденцияларға аналитикалық шолу жасап, тырысқақ, сепсис, тұмау, COVID-19 және маймыл шешек тақырыптарын қозғады.
Іс-шараға қатысушылар практикалық ұсыныстар алды, клиникалық жағдайларды талдады және ұсынылған материалдардың жоғары кәсіби дайындығы мен өзектілігін атап өтті.
Шетелдік сарапшылардың сапары халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы, ғылыми байланыстарды нығайтудағы және Астана Медицина Университетінің Жаһандық білім беру және зерттеу кеңістігіне кірігуіндегі маңызды қадам болды.