Болашаққа қадам: түлектер студенттерді өз оқиғаларымен шабыттандырды

Болашаққа қадам: түлектер студенттерді өз оқиғаларымен шабыттандырды

Болашаққа қадам: түлектер студенттерді өз оқиғаларымен шабыттандырды

Астана медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінде бұрынғы жылдар түлектерінің 1–2 курс студенттерімен мотивациялық кездесуі өтті.

Іс-шара жас студенттер мен кәсіби салада өз орнын тапқан түлектер арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Түлектер оқу барысындағы тәжірибелерімен, студенттік және ғылыми жобаларға қатысуымен бөлісіп, кәсіби жолдағы алғашқы қадамдары туралы айтты.

Шақырылған спикерлер қатарында мемлекеттік органдар мен жетекші медициналық ұйымдардың өкілдері болды:

          - Денис Панченко – Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК директорының м.а.;

          - Кайрат Жазитов – Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы;

          - Назира Сайлаубай – ҚР ДСМ «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК медициналық статистигі;

          - Арман Кудабаев – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің медициналық қызметтің жоспардан тыс бақылау басқармасының басшысы.

Кездесу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Студенттер түлектердің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, кәсіби мансап құру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және үздіксіз өзін-өзі жетілдіру туралы құнды кеңестер алды.

Осындай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға және студенттерді университет пен медициналық қауымдастықтың өміріне белсенді қатысуға ынталандырады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика