ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО үздік оқытушысы-2025» байқауының басталғанын хабарлайды.
Конкурстың бірінші (жоғары оқу орны ішіндегі) кезеңі 2025 жылғы 3 қарашада басталып, 2025 жылғы 14 қарашаға дейін жалғасады.
Байқаудың екінші кезеңі 2025 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.
«ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506 сілтемесі арқылы қолжетімді.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттағы оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі (universitycontest2025.iac.kz) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1. Ереженің 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу туралы өтініш;
2. Ереженің 2-қосымшасына сәйкес (нақты мерзімі бар тармақтарды қоспағанда соңғы 5 жылдағы (2025, 2024, 2023, 2022, 2021жж.) сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша деректер;
3. Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс кестесі;
4. Кадрлық есепке алу парағы;
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
«ЖОО үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған байқаудың жеңімпаздары соңғы он жыл ішінде аталған байқауға қатыспайды.
Конкурстың I кезеңінің бақылау күндері:
2025 жылғы 3-10 қараша - үміткерлердің толық құжаттар пакетін ақпараттық жүйеге жүктеуі (universitycontest2025.iac.kz);
2025 жылғы 10-12 қараша - сараптамалық топтың жұмысы, сараптамалық топтың қорытындысы;
2025 жылғы 12 қарашада - жоғары оқу орны ішіндегі Комиссияның отырысы;
2025 жылғы 13 қарашада - апелляцияға өтініш беру, апелляциялық комиссияның жұмысы;
2025 жылғы 14 қарашада - Комиссия шешімін Университет сайтында жариялау;
2025 жылғы 14 қараша – «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2025» атағын беру конкурсының 2-Республикалық кезеңіне қатысу үшін үміткерлер бойынша қорытындылау және қорытынды құжаттарды жіберу.