2025 жылғы 25 қазанда Астана қаласында «Bilim-Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен республикалық «Үздік студент – 2025» байқауы өтті.
Бұл беделді сайысқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан 100 үздік студент қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Онкология (ересектер)» мамандығының 1-курс резиденті – Нұрдос Орынғалиев (НАО «Астана медицина университеті») жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломмен, медальмен және жеңімпаз куәлігімен марапатталды.
Бұл жетістік – оның табанды еңбегі мен білімге деген талпынысының, сондай-ақ ұстаздарының қолдауының нәтижесі. Ғылыми жетекшілері:
- м.ғ.д., профессор, онкология кафедрасының меңгерушісі - Абай Қайырғожинович Макишев;
- PhD, доцент, онкология кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі - Айжан Бекишева.
«Астана медицина университеті» ұжымы Нұрдос Орынғалиевті шын жүректен жеңісімен құттықтай отырып, ғылыми, кәсіби және қоғамдық қызметінде жаңа табыстар тілейді.
Сонымен қатар, талантты жастарды қолдауға және дамытуға қосқан зор үлесі мен жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Bilim-Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығына шынайы алғыс білдіріледі.