Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2025 жылдың 13-15 қарашасында Астана қаласында, Гейдар Алиев 12, Конгресс орталығы мекенжайында халықаралық қатысумен өтетін IV Ұлттық респираторлық медицина Конгресіне қатысуға шақырамыз.

Конгрестің өтуіне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қолдау көрсетеді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Еуропалық Респираторлық Қоғамының жылдық ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына енгізілген. Конгрестің ұйымдастырушылары: РМҰҚ «Ұлттық респираторлық медицина қоғамы», АҚ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», РМҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы ауруханасы», Тыныс алу медицинасының ҒЗИ КеАҚ «Астана медицина университеті».

        Конгрестің басты мақсаты – респираторлық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу үшін отандық және шетелдік жетекші мамандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Форум аясында ғылыми бағыттарды, заманауи технологияларды, сондай-ақ тыныс алу жолдары ауруларының диагностикасы мен емдеудегі жаңа тәсілдерді талқылауға арналған көпсалалы және көпбейінді алаң құрылатын болады. Талқыланатын мәселелердің кең ауқымы Конгресс қатысушыларына жаңа білім мен кәсіби деңгейін арттыруға қажетті құралдарды алуға мүмкіндік береді.

       Конгрестің бағдарламасы тақырыптық симпозиумдар, есептік бірліктері бар интерактивті семинарлар, жас ғалымдар конкурсы, постерлік баяндамалар сессиясы, медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық компаниялардың өнімдерінің көрмесін қарастырады.  

Ғылыми бағдарламада баяндамамен қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 15 қазанына дейін, жас ғалымдар конкурсына 20 қазанға дейін, постерлік баяндамалар сессиясына қатысуға өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау талаптары конгресс сайтында көрсетілген.

Конгрестің негізгі бағыттары:

   • Қазақстандағы респираторлық медицинаның болашағы мен даму бағыттары.

   • Өкпе интерстициальды аурулары.

   • ӨСОА мен бронх демікпесін емдеудің заманауи тәсілдері.

   • Ауыр демікпені емдеудегі мәселелер мен шешімдер.

   • Тыныс алу жеткіліксіздігі мен қарқынды пульмонология.

   • Жұқпалы аурулар, вакцинопрофилактика, балалар инфекцияларының өзекті мәселелері.

   • Респираторлық медицинадағы аллергология.

   • Тыныс алу жолдары ауруларының имидж-диагностикасы.

   • Инсомния мен ұйқы кезіндегі тыныс алу бұзылыстары.

   • Респираторлық медицинаның коморбидті жағдайлары.

Конгрестің форматы – гибридті (тікелей қатысу және қашықтан қатысу ).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конгреске тіркеу туралы ақпарат, қатысу формалары мен бағдарламасы конгресс сайтында жарияланатын болады:   http://congressnorm.kz/

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

congress@norm.org.kz   

Тел:+77029046564

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика