ҚҰРМЕТТІ 2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІ

ҚҰРМЕТТІ 2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІ

ҚҰРМЕТТІ 2–3 КУРС РЕЗИДЕНТТЕРІ

2025–2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келесі шетелдік мекемеге конкурс жарияланады:

Әбуәли ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті (Душанбе, Тәжікстан) – 10 орын.

Оқу кезеңі – 2 апта.

Бағыттары:

1. Кардиология – 2 орын;

2. Дерматология – 2 орын;

3. Жұқпалы аурулар – 2 орын;

4. Онкология – 2 орын;

5. Оториноларингология – 2 орын.

Ішінара қаржыландыру: әуе билеттері мен тұру ақысы Университет қаражаты есебінен (170 АЕК-ке дейін) өтеледі, оқу – тегін, тамақтану – қатысушы есебінен.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 14 қарашаға дейін.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

1. Академиялық қарыздың болмауы;

2. Тәртіптік жазалардың болмауы;

3. GPA – 2,6-дан жоғары (қайта өтінім берген студенттер үшін – 3,6);

4. Халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындарға ие болу (мүмкіндігінше).

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1. Түйіндеме

2. Мотивациялық хат

3. Кафедра меңгерушісінің ұсыным хаты

4. Фото 3×4

5. Паспорт

6. Транскрипт (дипломға қосымша): бакалавриат, интернатура және резидентура

7. Резидентура деканы қол қойған өтініш

 

Конкурсқа тек ҚР азаматтары ғана қатыса алады


   

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 14 қарашаға дейін.

 

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Бейбітшілік көшесі, 49А, бас корпус, 414-кабинет

Кеңес беру және құжаттарды тапсыру уақыты: 16:00-17:00

Конкурстың өткізілу күні: қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика