2025 жылдың 03-10 қараша аралығында Университетте https://universitycontest2025.iac.kz ақпараттық платформасында Конкурстың I-вузовтішілік кезеңі шеңберінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағын беруге қатысушыларды іріктеу рәсімі өткізілді.
Конкурстық комиссияның Шешіміне сәйкес, эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Мусина Айман Аяшевнаны одан әрі Республикалық конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылданды.
Конкурстың I-кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 2025 жылғы 13 қарашада аяқталады.