2025 жылғы 13–14 қарашада Алматы қаласында «Қауымдастық – бастапқы медико-санитариялық көмекті дамытудың қозғаушы күші» атты Халықаралық конгресс өтті. Іс-шараға Астана медициналық университетінің қызметкерлері қатысып, жылдың маңызды кәсіби алаңдарының біріне айналған бұл конгресс Қазақстан мен шетелдің бастапқы медико-санитариялық көмек (БМСК) саласының мамандарын біріктірді.
Конгресс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының және профессор Төлебай Рақыпбеков (Ассоциация президенті) пен профессор Роза Абзалова (Басқарма төрайымы) жетекшілік ететін «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясының ұйымдастыруымен өтті.
Форумға ДДСҰ-ның бастапқы медико-санитариялық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының өкілдері, ТМД, Еуропа, АҚШ, Канада елдерінің мамандары, сондай-ақ жетекші ғылыми-білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Конгресс пленарлық отырысының жұмысына және ресми ашылуына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысып, БМСК-ны дамыту мен қоғамның рөлін күшейтудің елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті.
МУА қызметкерлері БМСК саласындағы саяси лидерлік, мультидисциплинарлық командалық жұмыс модельдері, мейіргерлік істегі инновациялар, пациенттерді әлеуметтік қолдау және қоғамның денсаулық сақтаудағы рөлін арттыру мәселелеріне арналған пленарлық және секциялық отырыстарда баяндама жасады. Университет өкілдерінің қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ДДСҰ және шетелдік сарапшылармен үздік тәжірибе алмасуға, сондай-ақ МУА-ның білім беру және ғылыми бастамаларын таныстыруға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер БМСК мамандарының құзыреттерін одан әрі дамытуға және кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіруге пайдаланылатын болады.