"Заң және тәртіп" акциясы аясында Student Cup

"Заң және тәртіп" акциясы аясында Student Cup

"Заң және тәртіп" акциясы аясында Student Cup
25 қараша күні "Астана медицина университеті" базасында дене шынықтыру және спорт кафедрасы академик Е.Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырған Student Cup турнирі өтті.

Жарысқа елорданың жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, шахмат пен үстел теннисінен мықтыларды анықтады.

Турнир жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.


Шахмат бойынша нәтижелер:
1 орын - дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
2 орын - Astana IT University
3 орын - Nazarbayev University

Үстел теннисінің нәтижелері:
1 орын - дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
2 орын - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3 орын - Astana IT University

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Студенттерге одан әрі табыс, сенімді жеңістер және оқу мен спортта жаңа жетістіктер тілейміз!
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика