2025 жылдың 12–18 желтоқсан аралығында магистратурада оқу үшін гранттар тағайындау конкурсына құжаттар қабылданады. Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша білімін жалғастыруды жоспарлаған үміткерлер қатысуға шақырылады.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады:
Астана қ., Бейбітшілік көшесі 51, 308-кабинет.
Барлық сұрақтар бойынша үміткерлер төмендегі байланыс нөмірлеріне жүгіне алады:
Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы — 8778-357-94-57
Амирсеитова Фарида Толебековна — 8778-985-30-95
Қабылдау комиссиясы — 8 (7172) 53-95-12
Ұлттық тестілеу орталығының сілтемесі: https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=7942
Магистратура бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!