Астана медицина университетінің «Медицина» білім беру бағдарламасының 128-топ студенттері «Astana International University» ұйымдастырған «Ең үздік әлеуметтік-психологиялық жоба – 2025» Республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.
Биыл байқау алғаш рет жобаларды ашық қорғау және таныстыру форматында өтті: астаналық қатысушылар өз жұмыстарын офлайн ұсынса, өңірлік командалар онлайн форматында қатысты. Іс-шараға 20-дан астам студенттік команда қатысып, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы бастамаларын ұсынды. Жобаларды кәсіби психологтар, әлеуметтік педагогтар, ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия бағалады.
Астана медициналық университетінің командасы «Jaqyn» жобасын сәтті қорғап, I орын иеленді және «Ең креативті жоба» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Эмоциялық жағдайды бақылау және алаңдаушылық сигналдарын ерте анықтауға арналған «Jaqyn» интеллектуалдық мобильді платформасын пайдалану тиімділігі» атты жұмысы өзектілігі, ғылыми көзқарасы және практикалық маңыздылығы үшін ерекше атап өтілді.
Бұл жетістік – команда мүшелері: Алтынбек Қайролла, Дильназ Серік, Еңлік Жаппар, Даяна Астан, Айсана Даниярбек, сондай-ақ психиатрия және наркология кафедрасының аға оқытушысы Макпал Сатыбалдинаның қажырлы еңбегінің жемісі.
Астана медициналық университеті студенттер мен ғылыми жетекшіні жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтайды және оларға республикалық әрі халықаралық деңгейде жаңа табыстар, шабыт және жеңістер тілейді.
АстМУ студенттері «Ең үздік әлеуметтік-психологиялық жоба – 2025» Республикалық байқауының жеңімпаздары атанды
АстМУ студенттері «Ең үздік әлеуметтік-психологиялық жоба – 2025» Республикалық байқауының жеңімпаздары атанды