Астана медицина университетінің студенттері - халықаралық педиатрия олимпиадасының жүлдегерлері

Астана медицина университетінің студенттері - халықаралық педиатрия олимпиадасының жүлдегерлері

Астана медицина университетінің студенттері - халықаралық педиатрия олимпиадасының жүлдегерлері

Астана медицина университеті Педиатрия мектебінің студенттері Ташкент мемлекеттік медицина университетінің отбасылық медицинадағы балалар аурулары кафедрасының базасында өткен «Бастаушы жас педиатр» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік олимпиадаға қатысты. Олимпиада бакалавриаттың жоғары курс студенттері арасында ұйымдастырылды.

Олимпиада төрағасы ретінде Ташкент мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі, профессор И.А.Каримджанов сөз сөйледі. Президиум құрамына Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің педиатрия және отбасылық медицина саласындағы жетекші мамандары кірді.

Сайыс үш конкурстық кезеңнен тұрды:

теориялық білімді тестілеу;

пациенттерді жүргізу және емдеу тактикасын анықтай отырып, клиникалық жағдайлық есептерді шешу;

шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды бағалау.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша АстМУ №3 балалар аурулары кафедрасының білім алушылары жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, I және III жүлделі орындарды иеленді:

Сәуле Алтыбаева (514-топ, «Педиатрия» мамандығы) — I орын, ғылыми жетекшісі: Асылжан Месова;

Айгүл Жолбарысова (696-топ, «Педиатрия» мамандығы) — III орын, ғылыми жетекшісі: Раушан Айшауова;

Аружан Қуанышбек (693-топ, «Педиатрия» мамандығы) — қатысу сертификаты, ғылыми жетекшісі: Айгүл Зұлхажы.

Студенттердің бұл жетістіктері Астана медицина университеті білім алушыларының теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының болашақ педиатр-дәрігерлердің білікті құзыреттілігін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін дәлелдейді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика