Шабыт сыйлаған академиялық ұтқырлық: эпидемиология, тәжірибе және Алматының мәдени ашылымы

Шабыт сыйлаған академиялық ұтқырлық: эпидемиология, тәжірибе және Алматының мәдени ашылымы

Шабыт сыйлаған академиялық ұтқырлық: эпидемиология, тәжірибе және Алматының мәдени ашылымы
Астана медицина университетінің Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің 4-курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында «Эпидемиология» пәні бойынша білім алды.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының болашақ алты маманы теория мен практиканы ұштастырған мазмұнды білім беру ортасына еніп, эпидемиологиялық қадағалау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық талдау әдістері бойынша білімдерін тереңдетті. Әрбір оқу күні кәсіби қалыптасуға, клиникалық ойлауды дамытуға және таңдаған мамандыққа деген сенімділікті нығайтуға бағытталды. Бағдарлама білім мен тәжірибе алмасуға, академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.

Академиялық ұтқырлық тек оқу үдерісімен ғана шектелмей, мазмұнды мәдени бағдарламамен толықты. Білім алушылар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барып, театрдың тарихымен танысып, жоғары өнердің рухани атмосферасын сезінді. Ал «Аршын мал алан» музыкалық қойылымы сапардың жарқын әсерлі сәтіне айналып, мәдениет, қоғам және адам әл-ауқаты арасындағы терең байланысты айқын көрсетті.

Астаналық студенттер үшін бұл сапар кәсіби дамудың маңызды кезеңі ғана емес, ғылым мен өнер тоғысқан Алматы қаласымен жақын танысу болды. Академиялық ұтқырлық студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, командалық рухты нығайтып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы болашақ мамандардың кәсіби әрі мәдени құзыреттерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика