Астана медицина университетінің мультидисциплинарлық командасының өңірлердегі көшпелі жұмысы

Астана медицина университетінің мультидисциплинарлық командасының өңірлердегі көшпелі жұмысы

Астана медицина университетінің мультидисциплинарлық командасының өңірлердегі көшпелі жұмысы

Жүкті әйелдер, босанушылар және босанған әйелдер арасында ЖРВИ, тұмау және пневмония аурушаңдығының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен «Астана медицина университеті» КЕАҚ мамандарынан құралған мультидисциплинарлық команданың Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына көшпелі жұмысы ұйымдастырылды.

Мобильді топ құрамына пульмонология, инфекциялық аурулар, реаниматология, акушерлік және гинекология салаларының жетекші мамандары кірді. Көшпелі жұмыстың негізгі мақсаты – өңірлердегі медициналық ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, медициналық көмектің сапасын арттыру және кәсіби өзара іс-қимылды нығайту.

 

Ақмола облысы: практикалық көмек және әдістемелік сүйемелдеу

Жұмысқа келесі мамандар қатысты:

Хамидуллина Зайтуна Ғадиловна – м.ғ.к., акушерлік және гинекология №1 кафедрасының меңгерушісі;

Шарипова Халида Кубентаевна – акушерлік және гинекология №1 кафедрасының доценті;

Нурахметова Гаухар Ануарбековна – инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының ассистенті;

Бектасова Баян Буркитқызы – ішкі аурулар №2 кафедрасының ассистенті.

Сапар аясында мамандар жүкті әйелдер мен босанған аналардың жағдайына мониторинг жүргізіп, клиникалық жағдайларды жүргізу сапасын бағалады, сондай-ақ медициналық персоналға әдістемелік сүйемелдеу көрсетті. Жұмыс қорытындысы бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, күрделі клиникалық жағдайларға жан-жақты талдау жасалды.

Жұмыс бірнеше медициналық ұйымдардың базасында жүргізілді: өңірлік денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Көпбейінді облыстық аурухана», «Виамедес» ШЖҚ МКК (Көкшетау қ.) және «Авиценна Бурабай» ЖШС (Щучинск қ.).

Өңірлік мамандар үшін жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуге қатысты өзекті тақырыптар бойынша дәрістер өткізілді. Атап айтқанда: «Тұмау мен респираторлық инфекциялардың жаңа сын-қатерлері – жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету алгоритмі» және «Жүкті әйелдердегі ауруханадан тыс пневмонияны жүргізудің ерекшеліктері».

 

Солтүстік Қазақстан облысы: клиникалық талдаулар мен қашықтан оқытуға басымдық

Команда құрамына:

Медеуова Бибіш Салиховна - анестезиология, қарқынды терапия және жедел медициналық көмек кафедрасының ассистенті;

Туребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы - инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының ассистенті;

Малгаждарова Бақыт Сексембайқызы - акушерлік және гинекология №2 кафедрасының профессоры кірді.

Мамандар күрделі клиникалық жағдайларды талдап, жүкті әйелдер мен босанған аналардың жағдайына мониторинг жүргізді, сондай-ақ өңірдің медициналық ұйымдарында пациенттерді жүргізу сапасын бағалады. Офлайн жұмыспен қатар, Zoom платформасы арқылы бүкіл облыс медициналық қызметкерлеріне арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылып, ЖРВИ мен тұмауды диагностикалау және емдеу мәселелері қарастырылды.

Мультидисциплинарлық команданың көшпелі жұмысы медициналық көмектің сапасын арттыруға, эпидемиологиялық сын-қатерлерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ университет мамандары мен өңірлік медициналық ұйымдар арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика