Халықаралық Glocal Leadership Programme бағдарламасына — Францияда өтетін оқу, практика және мәдени тәжірибе жинақтайтын қарқынды жазғы мектепке қатысу үшін өтінімдер қабылдануда.
Өткізу мерзімі: 06–24 шілде 2026 ж.
Формат: Францияның Ницца қаласындағы күндізгі оқыту
Оқу тілі: ағылшын (B2 деңгейінен төмен болмауы қажет, сертификат қажет емес)
Бағдарламаның құрылымы:
Бағдарлама 3 аптаға арналған және мына кезеңдерді қамтиды:
1-апта — Global Awareness
2-апта — Building Competences
3-апта — Global Leadership
Оқу форматы:
· Таңғы лекциялар және практикалық воркшоптар
· Күннің екінші жартысында тақырыптық және мәдени сапарлар
Қатысушыларға берілетін құжаттар:
· Université Côte d’Azur ресми сертификаты
· Open Badge (цифрлық бейдж)
Қатысу құны:
Бағдарлама ақылы.
1 Нұсқа — Early Bird:
Тіркеу мерзімі: 2026 жылғы 15 наурызға дейін
Қатысу құны: 2100 € (оқу және тұру)
2 Нұсқа — Стандартты тіркеу:
Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 сәуірге дейін
Қатысу құны: 2475 € (оқу және тұру)
Өтінім беру тәртібі:
Жазғы мектепке тіркелу тек Халықаралық ынтымақтастық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Мекенжай: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А, Бас корпус, каб. 414
Кеңес беру уақыты: 16:00–17:00