Avila University Arizona (АҚШ) – медицина, цифрлық технологиялар және жасанды интеллекттің қиылысында белсенді дамып келе жатқан заманауи ғылыми-зерттеу университеті. Университет AI in Healthcare (медицинадағы жасанды интеллект) саласындағы қолданбалы зерттеулерімен, АҚШ-тағы академиялық және медициналық орталықтармен ынтымақтастығымен және практикалық бағыттағы ғылымға ерекше мән беруімен танымал.
«Болашақ» бағдарламасы аясында Avila University Arizona университетінде Artificial Intelligence in Medicine (Медицинадағы жасанды интеллект) бағытында ғылыми-зерттеу тағылымдамасына шақыруға арналған алдын ала өтінімдер қабылданатыны хабарланады.
Ғылыми тағылымдама School of Public Healthcare және School of Computer Science базасында өтеді және медицина, ғылым және цифрлық технологиялар саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған.
Өтетін орны: Аризона, АҚШ
Ұзақтығы: 8 ай
Жоспарланған мерзімі: 2026 жылғы 21 қыркүйектен 2027 жылғы 21 сәуірге дейін
Бағдарламаның тілі: ағылшын
Avila University Arizona ресми сайты: https://www.avila.edu/avila-university-arizona/
Ғылыми тағылымдамаға ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары және зерттеушілер, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген мамандар шақырылады. Ғылыми тағылымдамаға шақыру тек бағдарлама талаптарына сәйкес кандидаттарға беріледі.
Ғылыми тағылымдамалар туралы барлық ақпарат «Болашақ» бағдарламасының сайтында қолжетімді: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu-po-ns
Кандидаттарға қойылатын талаптар, құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат осы хабарламаға тіркелген PDF файлда ұсынылған.