Астана медицина университетінің білім алушылары мен түлектерінің денсаулық сақтау басқармалары өкілдерімен кездесуі

2026 жылғы 20 қаңтарда сағат 10:30-да «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың Акт залында (Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А) Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен университеттің білім алушылары мен түлектеріне арналған кездесу өтеді.

Аталған іс-шара денсаулық сақтау саласына кадрларды тарту және оларды өңірлерде тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында ұйымдастырылады.

Кездесу барысында қатысушыларға медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, медициналық қызметкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, өңірлердегі медициналық ұйымдардың мамандарға деген өзекті қажеттілігі, сондай-ақ практикадан өту және кейінгі жұмысқа орналасу шарттары туралы ақпарат ұсынылады.

Кездесуге Астана медицина университетінің білім алушылары, түлектері және барлық қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика