Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» 2026 жылға арналған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша рейтинг нәтижелерін жариялады. Бұл рейтинг жұмыс беруші-сарапшылардың тікелей қатысуымен жасалып, түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі, мамандардың еңбек нарығындағы сұранысы, сондай-ақ білім беру сапасын айқындайтын өзге де маңызды көрсеткіштер негізінде қалыптастырылады.
Аталған рейтинг аясында медициналық жоғары оқу орындары арасында Астана медицина университетінің «Медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» білім беру бағдарламалары жоғары бағаланды.
Бағалау қорытындылары бойынша Университеттің білім беру бағдарламалары төмендегідей орындарға ие болды:
* Қоғамдық денсаулық сақтау — 1-орын
* Фармация және Медицина — 3-орын
* Стоматология — 4-орын
Айта кету керек, 2026 жылғы рейтингке «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы қатысқан жоқ.
ҰКП «Атамекен» рейтингі дәстүрлі түрде кадрлар даярлау сапасын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының заманауи еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде қарастырылады.
Рейтинг нәтижелері Астана медицина университетінің бәсекеге қабілеттілігін, білім беру үдерісінің жоғары сапасын және түлектерінің жұмыс берушілер арасында жоғары сұранысқа ие екенін айқын дәлелдейді. Сонымен қатар алынған көрсеткіштер университеттің одан әрі даму бағыттарын белгілеп, практикалық бағдарланған оқытуды күшейтуге, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге және жекелеген білім беру бағдарламаларының позицияларын жүйелі түрде нығайтуға мүмкіндік береді.