Астана медицина университетінде ТжКОБКБ білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілді

Астана медицина университетінде ТжКОБКБ білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілді

Астана медицина университетінде ТжКОБКБ білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілді

Мейіргер ісі мектебі ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Астана медицина университеті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейі бойынша тағы төрт білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға лицензияға қосымшалар алғанын хабарлайды.

Лицензияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне төмендегілер енгізілді:

09130100 – «Мейіргер ісі», біліктілігі – мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры;

09880100 – «Гигиена және эпидемиология», біліктілігі – гигиенист-эпидемиолог;

09130200 – «Акушерлік іс», біліктілігі – акушер;

09160100 – «Фармация», біліктілігі – фармацевт.

Жаңа білім беру бағдарламаларының ашылуы сұранысқа ие медициналық мамандық алуға және денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби дамуға бағытталған талапкерлер үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді. Бағдарламалар еңбек нарығының заманауи талаптарын, саланың өзекті сын-қатерлерін және практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

Осы бағыттар бойынша мамандар даярлау күрделі практикалық міндеттерді шешуге дайын, халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға елеулі үлес қоса алатын кәсіби кадрларды қалыптастыруға бағытталған. Мейіргер ісі, акушерлік, фармация және гигиена салаларындағы мамандарға деген жоғары сұраныс түлектерге тұрақты мансаптық перспективалар мен еңбек нарығында жоғары сұранысты қамтамасыз етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика