Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық: Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің 4-курс студенттеріне арналған конкурс

Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық: Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің 4-курс студенттеріне арналған конкурс

Әзербайжандағы академиялық ұтқырлық: Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің 4-курс студенттеріне арналған конкурс

2025–2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебінің 4-курс студенттері үшін конкурс жарияланады.

Қабылдаушы университет: Әзербайжан медицина университеті (Әзербайжан)
Цикл: «Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық»
Оқу мерзімі: 2 апта (2026 жылғы 6–20 мамыр)
Орын саны: 5

Ішінара қаржыландыру:

  • Екі жаққа әуе билеті — Университет есебінен
  • Оқу — тегін
  • Тұру және тамақтану — білім алушының өз қаражаты есебінен

ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Академиялық қарызының болмауы;
  • Тәртіптік жазасының болмауы;
  • GPA — кемінде 2,67 (қайта өтініш бергендер үшін — 3,6);
  • Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы (құпталады).

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1.    Түйіндеме

2.    Мотивациялық хат

3.    Ұсыным хат

4.    Фотосурет (2 дана)

5.    Паспорт (көшірмесі)

6.    4 жылдық оқу транскрипті

* Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ:

Өтініштер Халықаралық ынтымақтастық бөліміне қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2–11 ақпан

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Мекенжай: Бейбітшілік көшесі 49А, Бас корпус 49А, 414-кабинет
Координатор: Сатаева Мерей Қанатқызы
Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 53 94 42
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: 14:00–17:00

Конкурс өткізу күні: Қосымша хабарланады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика