2026 жылғы 6 ақпанда сағат 15:00-де «Астана медицина университеті» КЕАҚ Акт залында (Бейбітшілік көш., 49А) бітіруші курс студенттері мен университет түлектерінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен кездесуі өтеді.
Іс-шара аясында мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде өтеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кездесуге қатысушылар өзекті ақпарат пен қолданыстағы талаптар бойынша түсініктемелер алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Түлектерді іс-шараға қатысуға шақырамыз.