Бітіруші түлектерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша еңбек міндеттемелері еске салынды

Бітіруші түлектерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша еңбек міндеттемелері еске салынды

Бітіруші түлектерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша еңбек міндеттемелері еске салынды

Астана Медицина Университетінде АО «Финансовый центр» өкілдері – Ақзира Серікқали және Абілмансур Амирбекпен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбек міндеттемелерін орындау туралы ақпарат берілді.

Жас мамандардың жұмыспен қамтылуын мониторингілеу шеңберінде түлектерге 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар жіберіледі, сондай-ақ eGov порталы арқылы push-хабарламалар жолданады. Хабарламаларда жеке деректер мен жұмыспен қамтылу мәртебесін растау қажеттігі туралы ақпарат көрсетілген. Хабарламаға жауап 15 минут ішінде беруге тиіс.

Еңбек міндеттемесі ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағында қарастырылған және бюджеттік қаражат есебінен бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Еңбек міндеттемесінің мерзімі үш жыл, немесе нақты оқу мерзіміне сәйкес есептеледі.

Ақзира Серікқалидің айтуынша, медициналық мамандықтар бойынша еңбек міндеттемесі тек медициналық ұйымдарда өтеледі. Келесі білім деңгейіне түскенде, оқу аяқталғанға дейін еңбек міндеттемесінен кешіктіру беріледі. Кездесу барысында студенттер қызықтырған сұрақтарды қойып, спикер толық түсініктеме берді.

Мониторингке мына түлектер жатады:

* мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша;

* ауыл квотасы бойынша;

* PhD және докторантура бағдарламалары бойынша;

* медициналық, педагогикалық, ветеринарлық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша.

Жұмысқа бағыттау ережелері, шығындарды өтеу, өз бетінше еңбекке орналасу құқығын беру, сондай-ақ еңбек міндеттемесінен босату немесе міндеттемені тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығымен бекітілген.

Заңнама сондай-ақ еңбек міндеттемесінен босатудың негіздерін қарастырады, соның ішінде:

* тұратын жері бойынша немесе жұбайының қызметі бойынша бос орындардың болмауы;

* I немесе II топтағы мүгедектік;

* әскери қызмет немесе шартты қызмет өту;

* жүкті болу, үш жасқа дейінгі балалардың болуы.

Түлектер қосымша ақпаратты Мониторинг департаментінен ала алады:

* телефон: 8 800 080 28 28

* электрондық пошта: fincenterkz@mail.ru

* мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 18

* сайт: fincenter.kz

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика