Астана медицина университетінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттермен ашық диалог өтті

Астана медицина университетінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттермен ашық диалог өтті

Астана медицина университетінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттермен ашық диалог өтті

Астана медицина университетінде сот медицинасы және құқық кафедрасы базасында жүзеге асырылып жатқан «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттермен өткізілетін түсіндіру бағытындағы кездесулер сериясы жалғасуда.

Кезекті кездесу Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналды. Кездесу барысында қатысушыларға құжаттың негізгі ережелері, ұсынылып отырған өзгерістердің логикасы, сондай-ақ олардың ықтимал құқықтық және институционалдық салдары жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шарада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік мәселелеріне, мемлекеттік институттардың рөліне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктеріне, сондай-ақ Конституцияның мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының іргетасы ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке пікірлерін білдіріп, мамандардан нақты түсіндірмелер алды. Талқылау құқықтық ойлауды және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға басымдық бере отырып, аналитикалық әрі кәсіби деңгейде өрбіді.

«Заң және тәртіп» жобасы аясындағы түсіндіру және ағартушылық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика