Астана медицина университетінде оқытушылар мен қызметкерлер арасында үстел теннисінен ректор кубогына арналған турнир өтті. Жарысты дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Сайыс ерлер мен әйелдер арасында жеке біріншілік форматында өткізілді. Турнир қатысушыларға қызметтік ортадан тыс өз мүмкіндіктерін көрсетуге, ұжымдық рухты нығайтуға, сондай-ақ бос уақытты белсенді әрі денсаулыққа пайдалы түрде өткізуге мүмкіндік берді.
Турнир жеңімпаздары
Ерлер арасында:
1-орын — Шакирт Қанжил, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы
2-орын — Қайсар Қаппар, онкология кафедрасының 1-курс резиденті
3-орын — Мұхтар Өтеп, онкология кафедрасының ассистенті
Әйелдер арасында:
1-орын — Бахыт Исмагулова, баспасөз қызметінің бас маманы
2-орын — Гулнора Имамалиева, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы
3-орын — Асия Куканова, онкология кафедрасының ассистенті
Үстел теннисі қолжетімді әрі әмбебап спорт түрлерінің бірі болып саналады: ол шапшаңдықты, зейінді және төзімділікті дамытуға ықпал етеді. Университет қызметкерлері арасында белсенді демалыс түрлеріне қызығушылық артып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәдениеті нығая түсуде.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға көрсеткен қызығушылығы, белсенділігі және университеттің спорттық дәстүрлерін қолдағаны үшін алғыс білдіреміз.