АМУ психиатрия кафедрасының резиденттері тәуелділіктер тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

АМУ психиатрия кафедрасының резиденттері тәуелділіктер тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

АМУ психиатрия кафедрасының резиденттері тәуелділіктер тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

Астана медицина университетінде 1–2 курс студенттеріне арналған лудомания, нашақорлық және өзге де тәуелділік түрлеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараны психиатрия кафедрасының ассистенті Токтар Койшыбеков және психиатр-нарколог дәрігер-резиденттер Ермек Нурбек пен Азиза Алиаскарова өткізді.

Кездесу барысында тәуелділіктің негізгі түрлері, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен талқыланды. Әсіресе, нашақорлық пен лудомания мәселелеріне, сондай-ақ олардың жеке тұлға мен мінез-құлыққа тигізетін әсеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер тәуелділік көбіне психологиялық қажеттіліктен басталып, уақыт өте келе физикалық тәуелділікке ұласатынын, оның адамға да, оның айналасына да кері ықпал ететінін атап өтті.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, ұсынылған жағдаяттарды талдады. Бұл қатысушыларға тәуелділіктің туындау себептерін және оның алдын алу жолдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ спикерлер тәуелділіктерді емдеудің түрлі әдістері мен стратегиялары туралы айтып, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығына тоқталды. Тәуелділікпен күресуде кәсіби психологиялық көмек пен жақын ортаның қолдауын қамтитын кешенді тәсілдің тиімді екені атап өтілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, нақты мысалдарды талқылап, жастар арасында тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсынымдар алды. Іс-шара студенттердің тәуелділік қауіптері және олардың алдын алу жолдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған университеттің профилактикалық жұмысының маңызды бөлігіне айналды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика