2026 жылғы 12 ақпанда Астанада Халықаралық эрготерапия ассоциациясының президенті, реабилитация және эрготерапияның кәсіби стандарттарын дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Петра Маргелдің «Адал Ниет» реабилитациялық орталығына (Астана қ., Мәскеу көшесі, 17) сапары өтеді.
Петра Маргел — әлемдік деңгейде танылған эрготерапия саласының жетекші маманы және ол жаһандық кәсіби стандарттар, білім беру бағдарламалары мен реабилитациялық қызметті дамыту стратегияларын әзірлеуге белсенді қатысады. Оның қызметі эрготерапияны заманауи медициналық реабилитацияның негізгі бағыттарының бірі ретінде нығайтуға бағытталған.
Сапар аясында эрготерапияны әрі қарай дамыту перспективалары, халықаралық тәжірибені енгізу және үздік практикаларды отандық реабилитациялық ұйымдардың қызметіне қолдану мәселелері талқыланатын болады.
Сағат 17:00-де «Адал Ниет» реабилитациялық орталығында Астана медицина университетінің реабилитология және спорт медицинасы кафедрасының «Эрготерапия» білім беру бағдарламасы студенттерімен мотивациялық кездесу ұйымдастырылады. Кездесу барысында Петра Маргел кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, профессияны дамытудағы халықаралық тенденциялар туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап береді.
Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық және кәсіби байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ болашақ эрготерапия мамандарының әлеуетін дамытуға бағытталған