Астана медицина университетінде Стоматолог күні аталып өтті

Астана медицина университетінде Стоматолог күні аталып өтті

Астана медицина университетінде Стоматолог күні аталып өтті

9 ақпанда Астана медицина университетінің Сарыарқа көшесі, 33 мекенжайында орналасқан оқу корпусында Дүниежүзілік стоматолог күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Стоматология мектебінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылған шара барысында студенттер өз ұстаздары мен тәлімгерлеріне арнап вокалдық және би нөмірлерін, сахналық қойылымдар мен құттықтауларын ұсынды.

Іс-шара бейресми әрі шынайы көңіл-күйде өтіп, болашақ дәрігер-стоматологтардың кәсіби қалыптасуына қосқан қолдауы, білімі мен елеулі үлесі үшін профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік болды.

Өз кезегінде ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Еслямгалиева Ардак Манаповна және терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, профессор Суманова Айгуль Махсатовна студенттер мен әріптестеріне ізгі тілектерін білдіріп, оқу мен кәсіби дамуда табыс тіледі.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика